Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулар (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Спортшыларға нақты қару түрін бекітіп беру туралы спорт ұйымы басшысының бұйрығы (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  4. Спортшыны іссапарға жіберу туралы спорт ұйымының басшысының тиісті бұйрығы (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  5. Спортшыға қару мен оның патрондарының нақты түрін бекіту туралы ақпарат (тізім) (міндетті емес)
  6. Әкелінетін қаруды сақтау үшін шарттардың болуын растайтын құжаттама (үй-жайды жалға алу шарты, қаруды сақтауға рұқсат). (міндетті емес)
  7. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  8. Қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  9. Аң аулау-шаруашылық ұйымының шетелдік аңшысымен аң аулауды жүргізуге арналған шартының электронды көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  10. Облыстық атқарушы органның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарын бекітіп беру туралы шешімінің электронды көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  11. Шетелдік аңшының жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорт) электронды көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  12. Орман және аңшылық шаруашылығының уәкілетті органының облыстық аумақтық органмен шетелдіктердің аңшылыққа қатысуы туралы келісу туралы өтініштің электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  13. Аң аулау жүзеге асырылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген аң аулауға қатысуын растайтын (қызметтер көрсету туралы шарт немесе шақыру және т.б.) құжатының электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)