Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

Заңды тұлғалар үшін


Заңды тұлғалар үшін
  • жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарының көшірмесін (жердің үстіңгі бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде) (міндетті түрде)
  • Жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептерді, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықты, екпінді ауа толқыны әсерін, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсерін көрсете отырып, мәліметтерді (міндетті түрде)
  • Жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларының электрондық құжат нысанындағы көшірмесін электрондық нұсқада және қағаз жеткізгіште ұсыну қажет (жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша) (міндетті түрде)
  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  • Жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспарының электрондық көшірмесін; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер ұсынылады (міндетті түрде)