Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  2. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар: 1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған, сканермен көшiрiлген аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері); 2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттардың сканермен көшiрiлген түрі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  3. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі -Қағидалар) 6 тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат. Басым жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде жұмыс беруші Қағидалардың 7 тармағына сәйкес басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту туралы туралы ақпаратты ұсынады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  4. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  5. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың сканермен көшiрiлген (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  6. Шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда) (міндетті емес)
  7. Шетелдік қызметкердің жеке басын куәладыратын құжаттың көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде жүктелген міндеттемелерді орындау туралы ақпарат (бар болса) (міндетті емес, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  9. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат (міндетті емес, біліктілік талапта)
  10. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат (міндетті емес, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  11. Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  12. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын міндеттемелер туралы ақпарат (міндетті емес, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  13. Тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  14. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  15. Кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  16. Шетелдік жұмыскердің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесіне сәйкестігін растайтын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қабылдаушы тараптан жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хат (міндетті емес, біліктілік талапта)