Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер
  2. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған, сканермен көшiрiлген аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттардың сканермен көшiрiлген түрі
  3. Шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған көшірмесі
  4. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың сканермен көшiрiлген (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі
  5. Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
  6. Жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған көшірмесі